Жамбыл ауданы, Сұлутөр ауылы, «Хадж Тамаль Медина» мешітінің молдасы Ансар Абилов ауылдық дене шынықтыру кешенінде жастармен ««Діни алауыздықтан сақтану» тақырыбында кездесу өткізілді.
Радикалды көзқарастар қоғамды бөліп жаруға бағытталған, ата дәстүрі мен дініне жасалған қарсылық болып табылатындығы айтылды. Дін тек бірлікке, татулыққа, мейірімділікке шақыратындығыны жеткізілді. Діни секталар мен ағымдар керісінше жік-жікке бөліп, алауыздық тудыруға бағытталғандығы айдан ашық.
Дініміз бен дәстүріміз орныққан мемлекетте адасқандардың жетегінде кетіп қалмау үшін еңбектенуіміз қажет екендігі айтылды. Ол үшін жан-жақты білім алу арқылы, діни сауаттылық арқылы жете алатындығым насихатталды. Алла тағала адамзатты жаратқанда өзіне сеніммен бірге жаратты, міндетті түрде іздейтін болғандықтан дұрыс емес бағыттың сеніміне кетіп қалмастан өзіміздің дәстүрлі болған, ақиқат болған жолымыздан адаспау өте маңызды екендігі айтып, жеткізілді.
Шара соңында сұрақтарға жауап берілді. Шараға 21 адам қатысты.