Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы аудан-ауыл имамдарына жиналыс өткізді.
Жиын барысында Имамдардың біліктілігі мен мешіт жанындағы діни сауат ашу курстарының маңыздылығы, күнделікті бесін және ақшам намаздарындағы уағыз айту жұмыстары, рухани, қайырымдылық шаралары, мешіт имамдарының әдептілігі мен тәртібі, т.б.с. мәселелерді кеңінен түсіндіріп, уағыз айтқанда, жаназа және басқада жиындарға барғанда имамның киім үлгісіне, тұр-әлпетіне, жалпы тазалыққа мән беру керектігін атап өтті.
Азамат Берікұлы имам-молдаларға бірқатар тапсырмалар беріп, қызметтерінде абырой-бедел тіледі. Жиын соңында Еліміздің, жеріміздің тыныштығы мен бейбітшілігі үшін дұға жасалды.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі