Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті «Тәрбие және кадр саясаты» бөлімінің бас маманы, әділет подполковнигі Дидар Ратқанұлы Рысбеков мен «Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмыс» тобының аға инспекторы, әділет аға лейтенанты Жандос Тортаев «һибатулла Тарази» медресе шәкірттеріне «Теолог мамандығы мемлекеттік қызметте, түзету мекемелерінде сұраныста» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында спикерлер теология саласындағы білімнің мемлекеттік қызмет пен пенитенциарлық жүйедегі рөліне тоқталып, осы саладағы қызметтің ерекшеліктері мен перспективаларын атап өтті. Әсіресе, дін саласындағы мамандардың түзету мекемелерінде сотталғандардың рухани құндылықтарын қалыптастыру, теріс діни ағымдардың алдын алу, сондай-ақ әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізудегі маңыздылығы ерекше назар аударылды.
Шара барысында студенттерге теолог мамандығы бойынша жұмысқа орналасу жолдары, мемлекет тарапынан ұсынылатын мүмкіндіктер, сонымен қатар теологтардың қоғам мен мемлекет үшін маңыздылығы туралы нақты мысалдар келтіріліп, сұрақ-жауап форматында диалог ұйымдастырылды.
Мұндай іс-шаралар жастарды мамандық таңдауға ынталандырып қана қоймай, олардың діни білімін қоғам игілігі үшін пайдалануға деген құштарлығын арттыруға ықпал етеді.