Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының 35 жылдығына орай Шу аудандық орталық «Жәми» мешітінде шәкірттер арасында Құран жарысы өтті.
Сайыс барысында әділқазы алқасы әрбір шәкірттің діни білімін тексеріп, Құран оқу мәнері мен дыбысты дұрыс шығаруға ерекше көңіл бөлді.
Игі істің қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. I орынға – 20 мың, II орынға – 15 мың, III орынға – 10 мың теңге табысталды. Сонымен қатар, барлық қатысушыларға қаржылай ынталандыру сыйлықтары берілді. Жарыстың жалпы қаражаты 150 мың теңгені құрады.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.