#Меркі ауданы: Бас имам Қостоған ауылының жамағатымен жүздесті

#Меркі ауданы: Бас имам Қостоған ауылының жамағатымен жүздесті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы «Ботбай баба» мешітінің жамағатына «Жамағаттың ауызбіршілігі» тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Бас имам мешітке жиналған жамағатқа: «Алла Тағала қасиетті Құранда: «Барлықтарың Алланың жібіне (дініне) жармасыңдар, сондай-ақ өзара бөлінбеңдер» (Әл Ғимран сүресі, 103-аят) деген. Осы себепті асыл дініміз мұсылман жамағатын ауызбіршілікте болуға шақырады. Мешіт – құлшылық жасайтын орын, бөлініп өзара тартысып, бүлік шығаратын мекен емес. Қазақ атамыз: «Бөлінгенді бөрі жейді» деген. Дінімізде де бүлік адам өлтіргеннен де ауыр деп айтылады» – деп, жамағатты өзара сыйластыққа, әр мұсылман бауырымызды жақсы көріп, құрметпен қарауға шақырды.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: