Жуалы ауданы, Қарабастау ауылында өңір тұрғыны Асқар сәбилі болып, әке атануына байланысты және 1988 жылғы құрдастарының ұйымдастыруымен және ауыл имамы Орынбасарұлы Қуаныштың ұйытқысымен «Дін мен дәстүр» бойынша ауылдық спорт кешенінде волейболдан жарыс өткізді.
Бұл игі бастама ауыл тұрғындары арасында ерекше көңіл-күй мен ынтымақтастықты арттырды. Өңір тұрғыны Асқардың әке атану қуанышы мен 1988 жылғы құрдастарының қолдауымен ұйымдастырылған бұл шара тек спорттық жарыс қана емес, рухани тәрбие мен дәстүрді насихаттаудың ерекше үлгісі болды.
Ауылдық спорт кешенінде өткен волейболдан жарысқа әртүрлі жастағы ауыл тұрғындары мен командалар қатысып, достық пен ынтымақтастықтың тамаша көрінісін көрсетті. Жарыстың басталуы алдында ауыл имамы Орынбасарұлы Қуаныш «Дін мен дәстүр» тақырыбында қысқаша насихат айтып, діннің адам өміріндегі орны мен дәстүрді сақтау арқылы рухани құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
Жарыс барысында қатысушылар тек спорттық шеберліктерін ғана емес, достық қарым-қатынас пен бірліктің үлгісін де көрсетті. Көрші Талас ауданынан келген командамен финалға түскен «»Билікөл мешіт жамағаты командасы 1 ші орынды иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыларға ауылдың атынан алғыс айтылды.