Жуалы ауданы, Ертай ауылының кітапханасында ауыл молдасы Мәдиұлы Нұржанмен «Имандылық жүрекке ұяласа» атты тақырыппен ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Бұл іс-шарада ауыл молдасы Мәдиұлы Нұржан имандылықтың адам өміріндегі маңыздылығы, рухани тәрбие және қоғамдағы ислам құндылықтарының рөлі туралы терең мағыналы әңгіме жүргізді.
Кездесуде қатысушылар имандылыққа байланысты өз ойларын ортаға салып, діннің адамгершілік қағидаттары мен өмір салтына қалай ықпал ететіні туралы пікір алмасты. Молда Мәдиұлы Нұржан жиналғандарға дәстүрлі исламның негіздері мен құндылықтарын түсіндіріп, күнделікті өмірде иманның орындалуы үшін қандай амалдар жасауға болатынын айтты.
Сонымен қатар, ауыл тұрғындары молдаға өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өмірлік маңызды мәселелер бойынша кеңестер алды. Кездесу рухани атмосферада өтіп, әрбір қатысушы өзіне маңызды ой түйіп қайтты. Осындай іс-шаралардың ауыл тұрғындарының рухани дамуына ықпалы зор екенін атап өткен жөн.