Жамбыл облысы, Қордай ауданында «Нұрислам» мешіті күрделі жөндеу жұмыстарынан өтіп, жамағатқа қолданысқа берілді. Аталмыш мешіт біраз құжаттарына байланысты біраз уақыттар бойы қараусыз қалған.
Алайда сауапты ізге жандары құмар демеушілер мен жамағаттың аз-аздан болса да жасаған көмегі арқылы мешіт қайта жанданды. Іші-сырты, ауласы толықтай жөнделіп, тіпті жылыту жүйелеріне дейін дұрысталып, әрлеу жұмыстары жүргізілді. Қайта жөндеуден өткен мешітке арнайы түрде аудан бас имамы Алмуханбетаранжан Егизбаев және ауданның абыройлы ел ағалары барып, күндердің төресі болған жұма күні қолданысқа берілді. Содан соң, жамағатпен жұма намазы оқылып артынан мешіт асханасында ақ дастархан жайылды. Осындай қуанышты әрі сауапты іске ел-жұрт көптеп жиналды. Аузы дуалы ақсақал қариялар сол жерде мешіттеріміздің одан ары өркендей беріуңн тілңп, дұға-тілектерін жасады.