Мойынқұм ауданы, Қарабөгет ауылында көптен күткен жаңа мешіт бой көтеріп, халық қызметіне берілді.
«Қарабөгет ауылы мешіті жоқ ауылдардың қатарында болатын. Ауылда бір мешіт бой көтерсе деген елдің арманы көптен бері ел ішінде айтылып жүргенін естіп келеміз. Армандар орындалады демекші әуелі бір Алла екінші елдің көмегімен ауыл ортасынан дөңгеленген күмбезді керемет мешіт бой көтерді. Ел - жұрттың қуанышында шек жоқ. Осы қасиетті мешіттің ашылу салтанатына Жамбыл облысы Һибатулла Тарази мешітінің наиб имамы Жәпек Ғалымбек имам арнайы келіп лентасын қиып берді. Алла қаласа ауыл тұрғындарының руханияты жоғарлайды деп сенеміз», – деді бас имам.