Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Т.РЫСҚҰЛОВ: «ЖҰМЫЛА КӨТЕРГЕН ЖҮК ЖЕҢІЛ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Ақбұлақ ауылы «Отарымбет» мешітінің имамы Қалтай Спанұлы ауыл жастарын ұйымдастырып, мұқтаж отбасыларға қайырымдылық көмек берді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» ұранымен бастау алған қайырымдылық шарасы 10 отбасыны қамтыды. Қайырымдылық ретінде күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік және бір қойдың еті таратылды.

«Бұл қайырлы істі қолға алудағы ниет: біріншіден, жастарды жақсылыққа, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелеудің мол мүмкіндігі ашылады. Екіншіден, әлеуметтік аз қамтылған отбасыларына материалдық қолдау көрсетіледі. Үшіншіден, елімізде мемлекетшіл, иманды жастар тобы қалыптасады. Төртіншіден, дені сау, көкірек көзі ашық ұрпақ сабақтастығы жалғасады. Ең бастысы халыққа пайдасын, шарапатын тигізетін жас буынның қатары артады», – дейді мешіт имамы.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: