Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Дінім, тілім-тұмарым « атты екі мешіт арасында айтыс өтті.
А. Байтұрсынов: «Айтыс - екі палуан күрескені сияқты, екі ойыншы ұтысқаны сияқты, екі батыр жекпе-жек ұрысқаны сияқты, екі ақынның сөз жүзінде аңдып, бірінің-бірі бір қапысын тауып жеңу үшін айтатын өлеңдері», – деген Эльмира Аманқожақызы қазақтың ұлттық өнерін насиахттау қажеттігін жеткізді.
Айтыста Аудандық «Қордай» мешітінің әжелер алқасы мүшелерінің арасынан Насима Досықызы мен «Рахман» мешіті әжелер алқасының мүшелерінің арасынан Амина Дузелбай қызы бақталасты. Сайыс соңында, қатысушыларға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.