Күндердің сұлтаны жұма күні Шу қаласында 1989 жылғы жігіттер көп балалы отбасыға баспана тарту етті. Жаңа қоңыстын «Кәрібай молда» мешітінің имамы Аят қажы Дыбысұлы қызыл лентасын қиып, батасын берді. Өнегелі істін басын бастаған мешіт жамағаттары мешіт атынан 8 кілем сый етілді.
Он бес жылдай жалдамалы пәтерде тұрып, қайғыра келіп, қуанған жандар алғыстарын айтып, қуаныштарымен тарқасты. Көмекке зәру жанға жақсылық жасау өркениетті адамның өнегелі тірлігі болып саналады.