СӨЗДІҢ ДӘМІ НЕ НӘРСЕ?!

СӨЗДІҢ ДӘМІ НЕ НӘРСЕ?!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Адамның тілі оның жүрегінің айғағы, яғни қандай екендігін көрсетеді. Адамның жүрегі таза болса, оның тілінен де жақсы сөздер шығады. Әрбір кісіні оның сөйлеген сөзіне қарап қандай адам екендігін байқауға болады. Бұл жайында хадисте: "Адамның жүрегі дұрыс, таза болмаса, демек оның иманы да дұрыс болмайды"- делінеді. (Имам Ахмад). Иманды адамның тілі тәтті, жағымды болады. Адам баласы әр бір сөйлеген сөзіне мән беріп жүруі керек. Өйткені, Құранда Қаф сүресінің 18- ші аятында: "Адамның әр айтқан сөздеріне жазып отырушы періште белгіленген",- дейді. Тағы бір аятта: "…адамдарға көркем сөз сөйлейдер..”,-деп баяндалады. (Бақара, 83).

Шариғатта адамның сөзі мен қолынан өзге адамдар зардап шекпеулері керек екендігі айтылады. Хадис шәріпте: "Нағыз иманды адам деп адамдар оның тілі мен қолынан зиян көрмеген адамды айтады",- деп келтіріледі. (Имам Бұхари риуаяты). Хадиске зер салып қарасақ, әуелі тіл сосын қолды айтуда. Өйткені тілдің зияны қолдан да ауыр екендігі айтылуда. Дана халқымызда да бұл турасында: "Қылыш жарасы бітер, тіл жарасы бітпес" деген де нақыл сөз бар. Өйткені тілді тыймаудың нәтижесінде қолдар іске қосылады. Хазреті Әли р.ғ.: "Адамдарға мал-дүние қаражаттарыңызбен жәрдем бере алмаған болсаңыздар, тым болмаса оларға көркем мінез, және жақсы сөздеріңізбен жәрдем беріңіздер" деген екен.

Пайғамбарымыз с.ғ.с. айтады: "Миғражға көтерілген кезімде бір қауымның қастарынан өттім. Олардың тырнақтары мыстан екен. Әлгі мыс тырнақтарымен көкіректерін және бет-жүздерін тырнап тұрғандарын көрдім. Денем тітіркеніп, Жәбраилдан ғ.с.: "Бұлар кімдер?" деп сұрадым. Сол кезде Жабрил ғ.с.: "Бұлар сөйлеген сөздеріне ие болмағандар, әрі адамдарды көп ғайбаттағандар",- деп жауап берді". (Әбу Дәуд риуаяты)

Харам амалдарының арасында доңыз етін жеу 3-ші қатарда тұрады. Ал ғайбат айту амалы 4-ші қатарда тұрады. Мұсылман адам біреу жайында ғайбат айтқан болса, ол адамның етін жегенмен тең екен. Ал енді жақсылап мән беретін болсақ, мұсылман адам доңыз етін жеуден жиіркенеді, ал енді ғайбат қылудан жиіркенбейді. Сол үшін де әр айтқан сөздерімізге мән берелік. Айтқан сөздеріміз де ғайбат, мақтану, өсек т.б. сөздер араласпады ма, сол жағын ойланғанымыз абзал екен. Тіл адамға берілген су мен ауа секілді үлкен нығметтердің біріне жатады. Сонымен қатар, мысалы сөйлеген кезінде де кейбір мәселелерге мән бергеніміз абзал. Мысалы, қасыңыздағы адамға "мен қазір базарға барып келдім" деген сөзді тіл арқылы бір-екі секундта жеткізуіңіз мүмкін. Бірақ дәл осы хабарды ыммен, ишарамен жеткізу үшін әжептеуір уақыт керек болады. Мүмкін хабардар да шығарсыздар, жапондық эксперимент, анализатор Масару Эмото арнайы тәжірибе арқылы зерттей келе, судың да зиян жерлерін растаған екен. Оның анықтауынша, су да көреді екен, есітеді екен және әсерлеседі екен. Демек біз ішетін күнделікті суымыз тірі биологик екен! Жапон ғалымы екі стакан таза су алады, сосын екі ыдыстың біріне ашу келген кезде айтатын түрлі сөздерді айтады, екіншісіне мейірімділіктен туындайтын жақсы сөздерді айтады. Сосын электронды микроскоп арқылы судың кристалдарын тексереді. Нәтижесінде жақсы сөздер айтылған су өте тұнық формада кристалданған, ал енді екінші ыдыстағы судың өзгерген, кәдімгі тұнықтығын да жоғалтқандығы байқалады. Байқадыңыз ба? Айтылған сөздер де суларымызға қалай әсер ететінін. Сондай-ақ адам ағзасының жетпіс пайызы да судан құралатындығын естен шығармағанымыз абзал. Сол үшін де әр адам баласы өз сөзін сөйлер алдында, жазар алдында да сөздің мәніне, мағынасына, салмағына, екінші тарапқа жеткенде қалай әсер ететініне көп мән беру керек. Өзбек халқының мәшһүр жазушысы Абдулла Қаххар (1907-1968) "Әдебиет атомнан да күшті" деген сөзінде тек әдебиеттің өзін ғана емес, сөз құдыретін де назарға алған. Бұл орайда дана халқымыз да "Сөз арқылы жылан інінен, пышақ қынынан шығады" деген екен. Біздер кейде күнделікті айтып жүрген кейбір сөздерімізге мән бермей жатамыз. Мысалыға айтар болсақ, "Аптаның әр бейсенбісінде" деп жатамыз. Бұл сөзді "Айдың әр бейсенбісі" деп айтқанымыз әлдеқайда дұрысырақ болады екен, өйткені бейсенбі күні бір айда бірнеше мәрте келеді, ал аптасына болса бір рет ғана келеді.Сол үшін де қысқа, әрі дұрыс болу үшін "әр бейсенбі күні" десек өте орынды болады. Айтқымыз келгені "әр" мен "еш" сөздерінің парқына терең қарағанымыз абзал.

Құрметті оқырман! Тақырыбымызды түйіндей келе айтарымыз, жақсы сөз сөйлеу - Алланың берген һидаяты, яғни тура жолы болып саналады. Лұқман Хәкімнен "Даналыққа қалай жеттіңіз?" деп сұраған кезде: "Әр кез рас сөз сөйледім, аманаттарға еш қиянаттар жасадым және керексіз сөздерден тиылу арқылы жеттім",- деген екен. "Жақсы сөз - жарым ырыс" дегендей, айтқан әр сөздерімізге періштелер де әумин деп тұрады екен. Сол үшін де әуелі тілімізді түзеуге тырысалық.

Үмбет Сабырханов
"Әл-Хақ" мешітінің имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: