Сәду Шәкіров ауылы, Байтоқты баба мешітінің имамы Оспанов Бақдәулеттің бастамасымен ауыл тұрғындары жиналып, мешітте ауылдың руханиятын көтеріп, жастарды имандылыққа тәрбиелеу мәселелері талқыланды.
Бақдәулет имам сөз алып, әрбіріміз жақсылықта, ізгілікте, қайырымдылықта бір-бірімізге сеп болып, жәрдемші болуымыз керек екендігін, жаман істе бір-бірімізге тосқауыл бола білуіміз керек екендігі туралы сөз қозғады. Жиналған көпшілік те имамның сөзін қолдап, демеу білдірді. Жиын соңында мешіт ақсақалы бата беріп, ақ тілегін жаудырды.