Жамбы атудан жастар мен жасөспірімдер арасындағы республикалық турнирінің алғашқы кезеңі өткізілді.Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы қатысып, қатысушы командаларға сәттілік тіледі. «Қарабала Төре» мешітінің имамы Қасымалиев Батырбек насихатын айтып, батасын берді.
⠀
Жарысқа Алматы қаласы,Алматы,Ақмола,Батыс Қазақстан облысы,Қызылорда ,Қарағанды ,Маңғыстау,Түркістан,Солтүстік Қазақстан облыстары және Шығыс Қазақстан облысының жасөспірімдер арасындағы командалары қатысты.
⠀
Турнирдің басты мақсаты-жарысу арқылы әрбір қатысушының мүмкіндігін ашу,шеберлігін шыңдау болса, жеңістен де маңыздысы – бұл турнирде алған достық пен тәжірибе және ұлттық спортқа деген сүйіспеншілік болып табылады.