Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлының шақыртуымен Байзақ ауданының бас имамы және РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл келді. Қанат имам аудандық мешітте жамағатқа жұма уағызын жүргізді. Уағыз-насихатқа 400 ге жуық адам жиналып, пайдалы насихат тыңдады.
ҚМДБ тарапынан бекітілген 5 бағыттың бірі – жат діни ағымдардан сақтандыру бағыты бойынша РАНТ мүшесі арнайы шақыртылған еді. Жұма уағызында жамағатты діни жат ағымдардың әсері мен қаупінен сақтандырып, олардың ұстанған идеологиясынан аулақ болуға үндеді.