№67 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

№67 ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 67 мекемесінде теолог Нұрлан Қожамқұлов пен Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында олар матуриди ақидасының негізгі тұжырымдарын баяндап, теріс ағымдардың зиянды әсерлерін түсіндірді.

Діннің мәні және адам өміріндегі рөлі жайында жан-жақты ақпарат беріп, теріс ағымдардың қоғамға келтіретін зияндарын атап өтті. Олар дінді дұрыс түсінудің және адамгершілік құндылықтарды сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.Кездесу барысында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, діннің негіздерін тереңірек меңгеру қажеттілігіне тоқталды. Нұрлан Қожамқұлов пен Ержан Аманбаев азаматтарға рухани құндылықтарды дамыту, қоғаммен үйлесімді өмір сүру және теріс ағымдардың ықпалына қарсы тұру жолдарын түсіндірді.

Кездесудің соңында, имам мен теолог шараның нәтижелі болғанын айтып, қатысушыларды бір-біріне қолдау көрсетуге және рухани жетілуге шақырды. Бұл шараның жастар мен азаматтарға діннің дұрыс жолын түсінуге, өздерін қайта қарауға және өмірлік бағыттарын анықтауға көмектесетініне сенім білдірді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: