ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ДӘРІС ӨТТІ

ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕСІНДЕ ДӘРІС ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің 59 мекемесінде Тараз қаласының бас имамы Ержан Аманбаев кездесу өткізіп, түзеу мекемесіндегі азаматтарға ханафи мазхабы бойынша намаз оқу үлгілерін үйретті. Кездесу барысында имам діннің мәні мен адамның өміріндегі рөлін атап, намаздың рухани тазалық пен сабырлықтың көзі екенін, сондай-ақ қоғаммен үйлесімді қарым-қатынас орнатудың негізі екенін түсіндірді.

Азаматтар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойып, Ержан Аманбаев оларға жауап беріп, намаз оқу дағдыларын дамытуға көмектесті. Имам өткізілген сабақтардың діннің теріс түсініктерінен арылуға, рухани құндылықтарды насихаттауға және азаматтардың түзелуіне ықпал ететінін ерекше атап өтті.

Кездесу соңында имам барлық қатысушыларды бір-біріне қолдау көрсетіп, рухани даму жолында бірге алға жылжуға шақырды. Осы шараның нәтижесінде көптеген азаматтар дін мен моральдық құндылықтарды тереңірек түсініп, өздерінің өмірлік бағыттарын қайта қарауға ынталы болды. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: