ҚОРДАЙ: ШӘКІРТ ҚАРИ АТАНДЫ

ҚОРДАЙ: ШӘКІРТ ҚАРИ АТАНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Сортөбе ауылдық мешітінің жанындағы сауат ашу курсының шәкірті Құран Кәрімді толықтай жаттап шықты. 8-сынып оқушысы 13 жасар Бейва Шамсудин Динваевичтің әкесі қари атануына байланысты жамағатқа ақ дастархан жайды.

Айтулы шарада ауданның бас имамы жас қариға насихат айтып, өз атынан сыйлығын тарту етті. Әліппеден бастатып қасиетті Құранның соңғы сүресіне дейін жаттатып шыққан аталмыш мешіт ұстазы Сыва Рамазан қариды ортаға арнайы шақыртып, құрмет көрсетті. Сонымен қатар шәкірттердің ынтасын арттыру мақсатында бас имам әрбір Құранды толықтай жаттап шыққан шәкірт үшін аудан орталығынан сый-сияпаты дайын екендігімен сүйіншіледі.

Мешіт жамағаты мен ауыл ақсақалдары қуанышта хабарда елмен бірге болған аудан имамына алғысын білдіріп, батасын берді.

Айта кетейік, Сортөбе ауылдық мешіті ұстаздары Сыва Рамазан қари мен Дундуров Леджер қари мешіт жанындағы сауат ашу курсы шәкірттері арасынан жыл сайын 12-13 қари тәрбиелеп шығарады. Алла Тағала қари ұстаздарымыздың мерейін арттырсын!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: