Пайғамбарымыз Мұхаммед (Оған Алланың салауаты мен игілігі болсын): «Алла Тағалаға қаланың өте жақсы орындары – мешіттері. Ал, қаланың өте жаман орындары – базарлары», – дейді.
«Кім жер бетінде Алланың үйін салуға ат салысса, Алла Тағала ол кісіге жұмақтан орын дайындайды». Ислам тарихында мешіт салу – барша пайғамбарлар шұғылданған қадірлі іс болған.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызы және «Рахман» мешітінің ұстазы Айгуль Жолдасқызы әжелер алқасы мүшелерімен және шәкірттерімен Ноғай би ауылында жаңадан бой көтерген «Ноғайбай би Дәулетбақ ұлының» мешітінің ашылуына қатысты. Ақ дастархан басында әйел-қыздарға арналған дастарханның қонағы болды.