«Жас адам бір қарттың жасына қарап құрмет көрсетсе, оның жасына барғанда Аллаһу Тағала оған жастарды құрмет еттіреді» делінген Пайғамбарымыздың(оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) хадисінде.
Жамбыл облысы, Қордай ауданы Аудандық «Қордай» мешіті ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен ауданымыздағы жалғыз қарттар үйіне зиярат жасалды. Зияратқа әжелер алқасы мүшелері және «Рахман» мешіті ұстазы Айгуль Жолдас қызы мен «Құдайберген» мешіті ұстазы Малика Ахан қызы, мешіт шәкірттері қатысты. Бүгіннің жастары ертеңнің қарттары деген сөз бар қазақта. Қарттарға құрмет көрсеткенде бай кедей деп бөлмеу керек. Байға байлығы үшін құрмет етілмейді. Мал-мүлкіне бола байды көтеріп, кедейлігіне бола кедейді төмендеткен адамның лағынетке лайықты екендігі білдірілген.