Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен аудандық Мәдениет үйінде рухани мәуліт кеші өтті.
Рухани кешке арнайы қонақ болып, Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы , Меркі ауданы әкімінің орынбасары Мейірхан Азатұлы және «Өнер қырандары» театры келді
Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы жиналған халықты Мәуліт айымен құттықтап, Пайғамбарымыздың (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өмірінен уағыз айтты.
Игі іс – шара Қыдырәлі Әбубәкір қаридың Құран аятын оқуымен басталып Бейбіт Әліпбекұлы имамның дұғасымен жалғасын тауып, «Өнер қырандары» театры ұжымы мәуліт мерекесіне арналған сахналық қойылымдар қойып, халыққа рухани өнеге сыйлап т.б. мәнді дүниелер баяндады. «Өнер қырандары» театры осы жобасы арқылы Мәуліт айында асыл дініміз Исламның рухани құндылықтарын, халқымыздың салт-дәстүрін насихаттап, жастарды отансүйгіштікке, имандылыққа тәрбиелеп келеді.
Рухани кеште көрермендерге «Мұхаммед (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Пайғамбарымыздың 1 күні» атты кітабы тегін таратылды.
Рухани кеш соңында халық ақсақалдары мен ақжаулықты аналарымыз «Өнер қырандары» театр ұжымына алғыстарын білдіріп, баталарын берді.
Шараның басты мақсаты – Пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтып, оның асыл қасиеттерін дәріптеп, халық арасында имандылықты насихаттай отырып, тұрақтылық пен тыныштыққа үндеу болып табылады.
Мәуліт айы - екі дүниенің сардары Пайғамбарымыз Мұхаммедтің Пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)дүниеге келген айы. Мәуліт айын мерекелеу арқылы Пайғамбарымыздың Пайғамбарымызға (Алланың салауаты мен сәлемі болсын)өнегелерін болашақ ұрпаққа насихаттап, Ислам дінінің қадір-қасиетін түсіндіруде маңызы зор.
Мәуліт кешіне Меркі ауданы тұрғындары және зиялы қауым өкілдері, ақсақалдар, мешіт жамағаты мен имамдар қатысты.