ҚОРДАЙ: ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

ҚОРДАЙ: ҚАЙРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің», – дейді. Алла Тағала Қасиетті Құранның «Бақара» сүресінің 272-аятында:

«(Ей, Мұхаммед!) Оларды тура жолға салуға сен жауапты емессің. Алла қалаған пендесін өзі тура жолға салады. Қайыр – садақа ретінде не берсеңдер де өздерің үшін (жақсы болады). Не берсеңдер де, тек Алланың разылығы үшін берулерің керек. Ізгілік жолында не жұмсасаңдар да, соның бәрі өздеріңе толық қайтарылады және сендер әділетсіздіккке ұшырамайсыңдар (яғни, сауаптарыңды толық аласыңдар)» – дейді.

Жамбыл облысы Қордай ауданы  Аудандық "Қордай" мешітінде Мәуліт айына орай ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге әйел-қыздар жамағаты қолдан пісірілген тәтті тағамдар мен тамақтар әзірлеп, жұмадан шыққан жамағатқа оларды ұсынды. Қайырымдылыққа «Рахман», «Құдайберген» , «Білім», «Сахаба», «Қордай ауылдық» мешітінің шәкірттері мен ұстаздары да үлестерін қосты.

Аудан болып ат салысқан әйел-қыздар жамағатының себебімен 123400₸ көлемінде қаражат жиналды.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: