Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Сабырхановтың ұйымдастыруымен 10 мұқтаж отбасыға қайырымдылық көмек көрсетілді. Қайырымдылық күнделікті тұтынатын азық-түліктен және еттей берілді. Қайырымдылыққа демеуші болған қалталы азаматқа алғыс айтып, ауыл имамы батасын беріп, кәсібіне береке тіледі.
Қайырымдылық жасау үшін асып-тасып бай болу керек емес. Ең бастысы мейірімді жүрегің мен таза ниетің болса жеткілікті. Кез келген қиын жағдайда адам баласы әр түрлі бағытта көмек қолын соза алады. Біреулер жаны жабырқау жүргендерді жұбата отырып күлкі сыйласа, екіншілері қиын сәтте қол ұшын беріп, көмек жасайды. Бүгінде сондай игі істер, түрлі акциялар қайырымдылықты өмірлік мақсат еткен жомарт жандардың саны жылдан-жылға артып келеді.