ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ

ДІН ЖӘНЕ ҚОҒАМ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бисмиләхир РахманирРахим!
Күллі мадақ пен мақтау жаратылысты жоқтан бар еткен аса қамқор, ерекше мейірімді, қияметтің патшасы Ұлы Жаратушы Алла Тағалаға тән!

Он сегіз мың ғаламның сардары, адамзаттың асыл тәжі пайғамбарымыз Мұхаммедке с.а.с. Алла Тағаланың салауаты мен сәлемі жаусын!

Жер бетінде әділдіктің әуезін құрайтын, шыншылдықтың шыңын көрсететін, адамзат баласының бойына ізгілік пен дархандықтың дәнін егетін де Ислам діні екені хақ. Исламның кәусәрімен сусындаған пенде тура жол тауып, асыл мұратына жетері күмәнсіз.

Қазақ елі ата-баба қалдырған сара жолдан айнымай, Құдайға құлшылық етуге, ана тілде еркін сөйлеуге,дәстүрді жалғасырып, аманат дініміз Исламның бұлағынан шөлін қандырып, күн өткен сайын мереселер,  мешіттер тұрғызылып, алға қарай дамуда.

Қазақ елі қазіргі таңда, көп ұлтты мемлекет қатарында, елдегі татулықты, бейбітшілікті ұстап тұрудың сыры, имандылықпен өрілген әрбір күнімізді бақыттың бесігінде өткізіп жатқанымыз Алла Тағаланың мейірім шарапаты деп білеміз.

Қазақ халқы жалпылай алғанда Имам Ағзам Әбу Ханифа мәзхабының айдынынан алшақтаған емес. Ханафи мәзхабының ең басты ерекшелігі сол, халқымыздың санасына сыйымды, жүрегіне қонымды, әрі дәстүрімен әдет ғұрыптарына кеңдікпен қарайды.Имам Ағзам -  Исламның имандылық негіздерін Құран мен сүннет, ақыл мен ғылым төңірегінде анықтауда жіті мән берген,ірі ғұламалардың бірі. Қазақстан мұсылмандар діни басқармасыда Ханафи мәзхабының негізінде өз жұмыстарын жалғастырып келеді.

Әрине «Әһл-сүннет»жолының хақ мәзхабтары ретінде танылған Шафиғи,Ханбали,Мәлики жолдарына да құрметпен қарау керек екенін айта кеткеніміз жөн болар. Қазіргі біздің қоғамда неше түрлі жат ағымдар,шекара ашылғалы жат елден ағылып келуде, олар өздерінің адасқанымен қоймай жастарды үгіттеп, олардың адасуына себепкер болуда. Олардың есіл дерті діннің атын жамылып қоғамда бүлік шығарып, Ислам дінін қоғамға қарсы қою. Дегенмен қазір қоғамда адамдар, мұсылман кім бұзақылар кім ажырататын дәрежеге жеткен сияқты. Өйткені адамгершіліктің ең биік көркем келбеті осы мұсылмандарда емеспа. Мухаммед с.а.с. адамзаттың асыл тәжі, құрметті сардары, ең биік көркем мінездің иесі емеспа, ол өзінің үмметіне де сол көркем мінезді болуды бұйырды. Мұсылман адам, барлық үмметтердің ең қайырлысы, қай қоғамда өмір сүрседе, ең пайдалы, ең сенімді адам.

Айдарлы ауылының молдасы Елубаев Бақтыбек

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: