Көреалмаушылық, біреудің жеткен жетістігін көре алмау, қызғану ақыр соңында сұмдық зұлымдықтарға бару, қиянаттар жасау, адам баласына ең көп зиян тигізетін осы қылықтар.
Құлагерді өлтірген қодар: «бас жүлдені ап қоятын болды Ақан сері, Құлагер бірінші келетін болды деп- қызғаныштан, көреалмаушылықтан сондай адам айтса нанғысыз хайуандықпен жазықсыз тұлпарға зұлымдық жасайды.
«Әлде олар Алланың адамдарға шексіз мейірімімен берген нығметтерін қызғанама?»(Ниса сүресі 54—аят)
Жүрек Аллаһ жолына бұрылмаса және зікірмен тазаланбаса қарайып, жамандықты бұйыратын халге түседі. Зікір Аллаһты еске алудың Оны түсінудің жүректе ұялап жандануы. Сол арқылы ол жүрек күнәлардан, қателіктерден құтылады, ол жерде зікір болмаса қарайып өледі, нәпсінің әуесқойлығына мойынсұнады.
Әбу һурайра р.а. жеткізген хадисте «Пайғамбарымыз с.а.с.« Күншілдіктен сақтаныңдар! Өйткені күншілдік жақсылықтарды жалындаған оттың құрғақ шөпті жалмағаны секілді түгін қалдырмай жеп қояды» —деп айтты—делінген.(Әбу Дәуіт 44)
Тәкәппарлық, көре алмаушылық, және ынсапсыздық, қызғаншақтықтың нәтижесі. Хадисте қызғашақтықтың қаупі жайында былай дейді:
«Уш нәрсе бар, бұлар барлық күнәлардың көзі, бұлардан қайткенде де сақ болыңдар!
1.Тәкәппарлық: ібілісті Адамға а.с. сәжде еткізбеген тәкәппарлық.
2.Нысапсыздық: Адамды а.с. жаннаттағы тыйым салынған ағашқа итермелеген аш-көзділік.
3.Көре алмаушылық: Адамның а.с. екі ұлының бір бірімен төбелесіп, Қабылдың інісі Әбілді өлтіруіне себепкер- көре алмаушылық.
Көре алмаушылық жасаған адам Раббысының істегендеріне разы болмай, қарсы келгендей болады.
Бірақ,(қызығушылық- өзіде сондай болуды қалау)-жақсы нәрсе.
Көре алмаушылықтың зияны дұшпанынан гөрі өзіне көп тиеді. Бұл басқа біреуге тас лақтырып, бірақ лақтырған тасы кері айналып өз көзіне тиіп, соқыр болған адамға ұқсайды. Ашудан басқа пайдасы жоқ. Нәтижесінде адамды масқаралап, пұшайман етеді.
Құрметті бауырлар, Аллаһ Тағала біздерді көркем мінезді, салихалы, тақуа мұсылмандардың қатарында болуымызды нәсіп етсін.
Мойынқұм ауданы, Айдарлы ауылдық
"Айдарлы" мешітінің имамы Елубаев Б.