Меркі ауданы «Меркі ата» және «Жүніс молда» мешітінің ұстаздары мен әйел-қыздар жамағатының ұйымдастыруымен Мәуліт айының құрметіне қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілді.
Жәрмеңкеге әр түрлі тағамдар, қол өнер заттары қойылды. Игі іс – шарадан түскен қаражат қайырымдылыққа, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың қажеттілігіне жұмсалып, қаржылай көмек ретінде аударылады.
Игі іс – шараға атсалысқан барша жандарға Алла разы болсын!