Тараз қаласында ұйымдастырылып жатқан «HALAL EXPO 2024» көрмесінің ашылу салтанатында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау орталығының Жамбыл облысы бойынша жауапты өкілі Аблайхан Ғабитұлын «Үздік маман» алғыс хатымен марапаттады.
«Өз өңіріңізде халалды насихаттау, кәсіпорындарды стандарт талаптарына сай сертификаттау барысында өз қызметіңізге адалдығыңыз бен жауапкершілігіңіз халал саласындағы үздік жобалардың жүзеге асуына мол әсерін тигізді. Тынымсыз еңбегіңіз бен жүйелі жұмысыңыздың нәтижесінде өз өңіріңізде халалды кеңінен насихаттап, халықтың ықыласы мен кәсіпкерлер алғысына бөлендіңіз. Халал индустриясы бағытындағы биік белестерді бірге бағындырып, абыроймен атқарған елеулі еңбегіңіз үшін алғысымды білдіремін!», – делінген алғыс хатта.
Өз кезегінде, Аблайхан Ғабитұлы Хақтың талабы халалдың жолында аянбай қызмет ететінін жеткізді.