ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҮЗДІК ХАЛАЛ КӘСІПОРЫНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ҮЗДІК ХАЛАЛ КӘСІПОРЫНДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Таразда өтіп жатқан «HALAL EXPO-2024» халықаралық көрмесінің ашылу рәсімінде үздік халал кәсіпорындар мен мамандарды марапаттады. 

«Аллаға шүкір, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2024 жылы 300-ге жуық кәсіпорынға «QMDB HALAL» таңбасымен арнайы сертификат табыстады. Ал бүгінгі таңда Діни басқармадан халал сертификатын алған 1700-ден астам кәсіпорын халал өнім өндіруде. Соның ішінде 700-ге жуығын қоғамдық тамақтану орындары құрайды. Отандық халал нарығын дамыту мақсатында 2018-2022 жылдары Малайзияның исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымынан аккредиттеуден өттік. Бұл «QMDB HALAL» таңбасымен отандық өнімдерімізді шет елге еш кедергісіз экспорттауға мүмкіндік туғызды. 2023 жылы 10 мың тоннадай өнім «QMDB HALAL» таңбасымен алыс-жақын елдерге экспортталды. Осы орайда шариғат талаптарын сақтап, көпшіліктің тұтынатын ас-суы мен тұрмыстық заттарына адалдық танытқан кәсіпорындарға, тер төгіп жүрген мамандарға, барша қызметкерге алғысымды білдіремін» деді Бас мүфти.

Бұдан кейін ҚМДБ Төрағасы «Үздік халал кәсіпорын-2024», «Халық таңдауы» және «Үздік маман-2024» номинациясы иегерлерін салтанатты түрде марапаттады.

«Үздік халал» кәсіпорындар:
  1. «Айс-плюс»  кәсіпорыны (Ақтөбе облысы)
  2. «Royal Trade» кәсіпорыны (Жамбыл облысы)
  3. «Collagen Plus» кәсіпорыны (Шымкент қаласы)
  4. «Исаев» кәсіпорыны (Тараз қаласы)
  5. «Бижан» кәсіпорыны (Алматы қаласы)
  6. «Nanduk» кәсіпорыны (Астана қаласы)
  7. «Microhim» кәсіпорыны (Алматы қаласы)
  8. «Адал Азык» кәсіпорыны (Қырғызстан Республикасы)
  9. «Сатыбалды» кәсіпорыны (Тараз қаласы)
  10. «Ураимжанов» кәсіпорыны (Шымкент қаласы).  
 «Халық таңдауы» номинациясымен марапатталған кәсіпорындар: 
  1. «Otan Green Food»  кәсіпорыны Алматы облысынан
  2. «Сарыбас» кәсіпорыны Жамбыл облысынан.
  3. «Әулие Ата Феникс» кәсіпорыны Жамбыл облысынан.
  4. «Алатау Құс» кәсіпорыны Алматы қаласынан. 
«Үздік мамандар»:
  1. Данияр Бақзейнелұлы (Астана қаласы)
  2. Аблайхан Ғабитұлы (Жамбыл облысы)
  3. Әлішер Ертайұлы (Қостанай облысы)
  4. Науан Муталұлы (Ақмола облысы)
  5. Қазбек Сұлтанбекұлы (Шымкент қаласы)
  6. Жанәбіл Ахметбекұлы (Алматы облысы)
  7. Мухамед Ордыбай (Жетісу облысы)
  8. Қуат Бекенұлы (Шығыс Қазақстан облысы)

Сондай-ақ көрменің ашылу рәсімінде Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, Ақпарат және мәдениет министрлігі, Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әділбек Кәкімұлы және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал» бөлімінің басшысы Бахтияр Тоқтағазыұлы бірегей іс-шараға сәттілік тілеп, халал индустриясының маңызы жөнінде пікірлерін жеткізді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: