Меркі ауданына қарасты «Достық» және «Жүніс молда» мешіттерінде «Құран оқып үйрену» дәрісі жүргізілуде.
Мешіт жамағатының сұранысы бойынша басталған дәрісті «Мұғалім сәни» кітабынан, және де Құранға түскен жамағатқа «Тәжуид ережелері» өтіліп жатыр.Шәкірттердің саны күн сайын көбейіп келеді. Бұлда ұстаздың еңбегі.
«Исра» сүресінде Алла Тағала: «Шын мәнінде бұл Құран ең тура жолға бастайды. Ізгі амалдарды жасаған мүміндерді үлкен сауаппен сүйіншілейді» деп, Құранның адам баласы үшін мәні мен маңызын айтып өтеді. Демек, Құран мұсылманды ең дұрыс, ең пайдалы, ең бақытты өмірге жетелейді. Құранмен өмір сүрген адамды Алла Тағала екі өмірде қор етпейді
Алла Тағала Құран жаттап қари болып, ертелі-кеш Құранға амал жасайтын мұсылмандардың көп болуын нәсіп етсін!