Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Ортада жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше құрметке лайық.
«Төле би» мешітінің әйел-қыздар секторы «Қартты бардың қазынасы бар» ұранымен ақжаулықты ана-әжелерімізге құрмет көрсетілді.
Аталмыш мешіттің ұстазы Насихат Доғдырбайқызының ұйытқы болуымен дастархан жайылды. Шара аясында Құран хатым оқылып, қонақтарымызға сый-сияпат табысталды.
Жүрек тербетер мұндай іс-шаралар аталмыш мешітте жиі ұйымдастырылып тұратынына риза болған ақ самайлы апа-әжелеріміз алғыстарын білдіріп, дұға жасады.