МЕРКІ: ЖАҢА МЕШІТ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

МЕРКІ: ЖАҢА МЕШІТ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ БЕРІЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданы, Қарасу ауылы тұрғындары көптен күткен қуанышына қол жеткізп, Қарасу ауылдық мешітінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Ашылу салтанатына елімізге белгілі  Нұр – Мүбәрак Египет Ислам Мәдениеті университетінің ұстаздары Ризабек Батталұлы және Амангелді Тілекқабыл, Меркі ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Берікұлы, сондай-ақ жергілікті ауыл әкімі мен ауыл ақсақалдары және ауыл тұрғындары қатысты.

Іс-шара Құран оқуымен басталып, артынша аудан  имамы Қарасу  ауылының тұрғындарын мешіт ашылуымен құттықтап мешіт құрылысының бас қасында жүрген ағаларымызға алғысын білдірді.

Ашылу салтанатынан кейін жиналған қауымға дастархан жайылып, ас берілді. Дастархан басында Құран оқылып, аудан имамы Азамат Берікұлы мешіт салудың, оған қарайласып жүрудің сауапшылығын уағыздады. Соңынан ел ақсақалдары сөз сөйлеп, мешіт ашылуымен құттықтады.

Алыстан ат терлетіп келген   Ризабек Батталұлы және Амангелді Тілекқабыл  ұстаздарға,  аудан имамы Азамат Берікұлына халық шапандарын жауып алғыстарын білдірді.

Сонымен қатар ауыл тұрғындары өздерінің ізгі тілектерін білдіріп,  осы істің басы қасында жүрген азаматтарға алғыстарын білдірді.

Осындай игі іске қол ұшын созып жатқан жомарт жандарға ізгі ниетімізбен алғысымызды білдіреміз. Алла Тағала қызметтерінде абырой бедел берсін. Демеушілік жасап жатқан бауырларымызға Алла разы болсын!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: