«Қарттарым – қазынам» деп қарайтын біздің қоғамда үлкенді сыйлау,қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі.
Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып жатыр. «Баласағұн» мешітіннің ұйымдастыруымен ауыл саябағында ақжаулықты әжелеріміз мен ақсақалды қарияларымызға концерт өткізіліп, мешіт ауласына дастархан жайылды.
Көпті көрген асыл қарттарымыз қай кезде де халқына – сүйеу, жұртына қамқор болып, еліміздің тыныштығын тілеп, ризалықтарын айта баталарын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.