Қарты бар үйдің қазынасы бар дей келе қазақ халқы қарияны әрқашан
құрметпен қараған.
Осындай өнегелі ұрпақ қарттарға арнап арнайы күн белгілеп, дәл осы мерекеде әдеттегіден де ерекше құрмет көрсетуді әдетке айналдырғаны белгілі.
Сондай іс-шараның бірі «Далақайнар» мешітінің имамы Көдебай Дүйсенғалидың ұйымдастырумен 2 бас қой сойылып, мешіт асханасына ақ дастархан жайылды. Бас қосқан ауыл әжелері мен ақсақалдары тәрбиелі әңгіме айтып, демеушілерге алғыстарын жеткізіп, баталарын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.