Қазақ қариясын сыйлаған халық. Ақсақалдарды төрге шығарып, бата сұраған.
Ақындар жырына қосып, амандығын тілеген.
«Қариясы бар үй – қазына» дей келе қарттар күніне орай «Бірлік» мешітінде ақ–дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Ауыл қариялары бас қосқан жиында даналығы мол тәрбиелі әңгіме айтып, аталмыш мешіт имамы Жұматаев Медет және атсалысқан қызметкерлерге батасын берді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.