Т.РЫСҚҰЛОВ: «ПАЙҒАМБАР ШАҢЫРАҒЫНЫҢ ТӘРБИЕСІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

Т.РЫСҚҰЛОВ: «ПАЙҒАМБАР ШАҢЫРАҒЫНЫҢ ТӘРБИЕСІ» АТТЫ СЕМИНАР ӨТТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешітінің имамы Үмбет Орынбасарұлы аудандық кітапханада «Пайғамбар шаңырағының тәрбиесі» атты тақырыпта әйелдер қауымына семинар өтті. Іс-шараға кітапхана қызметкерлері қатысып, қасиетті мәуліт айында Пайғамбардың өмір тарихынан, ғибратты оқиғаларынан әсер алып, ризалықтарын және ішкі сезімдерін жасыра алмады.

Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) отбасылық өмірі кімге болса да үлгі. Пайғамбарымыздың құтты шаңырағы өмірден өткен бар барша жанұялардың ең бақыттысы, әрі берекелісі еді. Бұл бақыттары ең алдымен рухани байлықпен ұштасып жатты. Мысалы, Алла елшісінің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) өз отбасы мүшелерін қанағат сезіміне тәрбиелеуін ғана сөз етелік. Бұл қасиетті отбасының материалдық тұрмысы өте жұпыны болған. Айша анамыз (р.анһа) үйлерінде екі-үш айда бір рет қана қазан асылып, ыстық тамақ ішілетінін, ал өзге уақытта құрма мен қара суды азық ететінін жеткізген. Бірде Фатима қатыңқырап қалған бір тілім нан әкеліп әкесіне ұсынғанда, қанағат пен сабырдың сұлтаны Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Әкеңнің үш күннен бері татып отырған дәмі осы» деп нәзік қызының көзіне жас үйіргені де бар. Тіпті қарны ашып, әлі құрығаны сонша тік тұруға шамасы келмей, намазын отырып оқыған кездері де болған. Сондай-ақ шидің үстінде жатып тынығатыны оның шалқып өмір сүрмегенін аңғартады. Демек, Алла елшісі барға қанағат, жоққа сабыр етудің үлгісін алдымен өзі көрсететін.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: