Сарысу ауданының бас имамы Айбек Амангелдіұлы мешітке жиналған жамағатқа «Дін мен дәстүр» кітабын таныстырды.
«Ислам діні әлемдік дін болғандықтан ол адамзат қауымына ақиқатты танытып, әрбір ұлт пен ұлысқа өзінің салт-дәстүрлерін сақтай отыра ізгілік жолымен жүруді насихаттайды. Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) араб халқының исламға дейінгі дәуірдегі шариғатқа қайшы келмеген әдет-ғұрыптарының сол қалпында қолданылуына тыйым салған жоқ», – деген имам жамағатқа дін мен дәстүрдң қатар ұстаудың маңыздылығын түсіндірді.