ҚОРДАЙ: ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫ НАСИХАТ АЙТТЫ

ҚОРДАЙ: ӘЖЕЛЕР АЛҚАСЫ НАСИХАТ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт арабша «туылу», «туылған уақыты» деген мағыналарды білдіреді. Адамзаттың асылы, Пайғамбарлардың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) туған уақытына байланысты атап өтілетін күн мәуліт деп аталады. Адамзаттың осы асыл тұлғасы Мұхаммед Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келген мәуліт мерекесінде Пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік артады.

Жамбыл облысы Қордай ауданы аудандық «Қордай» мешіті әжелер алқасы мүшелер мәулітке жиналған әйел-қыздар жамағатына айлардың сүйіктісі - мәуліт айында Аллаға, Алла  Елшісіне деген сүйіспеншілік жайлы сөз қозғап, ізгі  ортаның маңыздылығы, білім жетілдіру және салихалы ұрпақ тәрбиесі әйел адамның еншісі екенін дөп басып , қазақи құндылықтарымызды үйретіп ,ұрпақ тәрбиесіне нем құрайлы қарамау керек екеніне тоқталды. Құранды басшылыққа алу, хадиспен амал етудің де маңыздылығын атап өтті.

Тәж кигізу салтанатында, Нұрсәуле Хамит қызына тәж кигізіп, сыйлығын беріп, ізгі  тілектер айтылды. Жиналған жамағатқа разылығын білдіріп, баталарын берді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: