Алладан сауап үміт еткен жомарт жандардың демеушілігімен Жуалы ауданында тағы бір жаңа мешіт ел игілігіне пайдалануға берілді.
Салтанатты шараны ауыл молдасы Әскертайұлы Рамазан Құран оқуымен ашып, ауыл қариясы бата жасады. Құрметті қонақтар рет-ретімен сөз алып, жүрекжарды лебіздерімен бөлісті. Мешіт салған демеушілердің атынан Еркебай аға сөз алып, кәсіпкерлердің ұйымшылдық көрсетіп, аз уақытта мешітті тапсырып отырғанына алғыс білдірді. Жастарға имандылық тәрбие беріп, асыл дінімізді насихаттайтын құтты мекенге айналса деген тілектерін жеткізді. Мешіт құрылысына атсалысқан Әділет бауырымызға жылқы мінгізіп, шапан жапты.
Шара соңында марқұмдардың рухына құран бағышталып, қонақтар әсем мешіттің ішін аралап танысты.