ҚОШ КЕЛДІҢ МҮБӘРАК МӘУЛІТ АЙЫ

ҚОШ КЕЛДІҢ МҮБӘРАК МӘУЛІТ АЙЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Құрметті мұсылман бауырлар! Мәуліт айы құтты болсын.  Бұл айда діни тұрғысынан жасалатын ең жақсы амал.  Пайғамбарымыз Мұхаммед салла Аллаһу алейһи уәс-сәләмды жақсырақ тану және оның артынан ілесу. Сонымен қатар сіз бен бізге бұл айда жасайтын ең жақсы амал, соңғы елшіні танып білу және оның артынан ілесу.  Мүбәрак қасиетті айда бұған жететін амал жоқ.

Әдеттегідей биыл да әлемнің көптеген елдері хазреті Мұхаммед  салла Аллаһу алейһи уәс-сәләм пайғамбарымыздың мәулітін атап өту үстінде, оған көптеген салауаттар айтады. Бұл дәстүр Қазақ елінде де кеңінен таралған.

Мәуліт – араб сөзі, қазақ тілінде “туған күн ” деген мағына береді. Бұл Алла тағаланың ең сүйікті пендесі, Адам атадан (ғ.с.) басталған пайғамбарлардың соңғысы, әрі сардары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) дүниеге келген айына атау етіп қойылған сөз.

Қасиетті Құран Кәрімде Алла тағала “Ахзаб” сүресінің 56-аятында: “Пайғамбарға (с.ғ.с.) Алла рахымын төгіп, періштелер жарылқау тілейді. Ей, мүміндер! Пайғамбарға (с.ғ.с.) сендер де салауат айтып, сәлем жолдаңдар”, – деген.

Сондықтан да әр жылы айтізбесінің рабиғ әл-аууәл айында әз Пайғамбарымыздың мәулітін мерекелеп, Алла тағала бізді өзінің сүйікті пайғамбары хазреті Мұхаммедтің (с.ғ.с.) үмметі етіп жаратқанына алғысымызды білдіріп, сүйікті хабибіне жамағат болып салауаттар айтамыз.

Анас ибн Малик айтқан хадисте:  “Кім де кім мені өз ата-анасынан, балаларынан және барлық адамдардан артық көрмейінше иманның кемелдігіне жете алмайсыңдар”, – деген.

Мұхаммед сөзінің түбірі “хамд” “мақтау”, “ризашылық білдіру” дегенді білдіреді. Осы сөзден “хамида” мақтады, мадақтады, “Мұхаммад”, “Махмуд”– мақтаулы, “Ахмад” ең мақтаулы деген сөздер туындайды. Сөйтіп Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.): “Мұхаммед, Ахмад, Махмуд”, яғни үш аты бар.

Қасиетті Құран кәрімнің  “Әнбия” сүресі, 107-аятында: “(Ей, Мұхаммед) Сені Біз жер жүзіне тек рақым етіп қана жібердік”, – дейді.

Иә, Алла тағала Мұхаммед пайғамбарымызды (с.ғ.с.) әлемдерге өз мейірімін түсіру үшін жіберді. Демек, хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с.) дүниеге келген күн – Алла тағаланың бүкіл әлемге рахым-мейірімі молынан түскен күн. Бүкіл әлем бұл оқиғаны күткен еді. Алла тағала құлдарын есіркеп, қараңғылық, надандық батпағынан жарыққа шығару үшін сүйікті пайғамбарын жіберді.

Алла тағала бізге діни бірлік, имандылық, салауаттылық, татулық берсін. Отбасыларымызға қуаныш, береке, бірлік тілеймін. Мәуліт біздің басымызды тек қана қуанышта қоса берсін. Айрандай ұйып отырған халқымыздың ынтымағын Алла тағала ұзағынан сүйіндірсін.

 

Талапты мешітінің молдасы  

Балданбаев Әзілхан Каналбайұлы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: