ІШІМДІК ІШУДІҢ НӘТИЖЕСІ

ІШІМДІК ІШУДІҢ НӘТИЖЕСІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазіргі таңда кез - келген қуанышты той - думан немесе мерекелі күндер ішімдіксіз өтпейдіндігін білеміз. Көпшілік қауым үшін тойдың осылай ішімдікпен өтуі бұл тұрақтылық болып көрінуі мүмкін. Дегенмен саналы көзбен қарайтын болсақ негізгі зияндар қоғам мен отбасы үшін осы ішімдіктің ықпалымен жасалып жататындығы айдан анық.  

Шариғатымызда арақ немесе сол секілді адамдарды ақылынан алжастыратын кез - келген судың түрлері харам үкіміне кіреді. Яғни ауыр күнәлардан болып есептеледі.

Алланың елшісі былай дейді: "Арақ болмасада, мас ететін нәрсенің ешбірін ішуші болмаңдар!" "Мас ететін нәрсенің бәрі - ішімдік. Ал, ішімдіктің бәрі - харам.

Жамандықтыңкөбі осы ішімдік ішкеннен кейін басталады. Ішімдік ішкен адам барлық күнәлі істі арланбай жасай береді.

"Расулуллаһ (с.ғ.с.) маған : "Ішкілік ішпе, өйткені ол бүкіл жамандықтың көзі "- деп өсиет етті." Хадисті Әбу Дарда адан (р.а.) Имам Ибн Мажаһ риуаят етті.

"Маскүнемдікке салынған адам бұтқа табынушы тәрізді. Ондай адам өлгенде Алла Тағаламен бұтқа табынған болып жүздеседі." Хадисті Әбу Хуройрадан (р.а.)  Имам Ибн Мажаһ риуаят етті.

"Ішкілік ішетін адам Алла Тағалаға Қиямет күні мас күйде жолығады. Алла Тағала: "Ей, сорың құрғыр! Не ішкенсің?- деп сұрағанда, ол: "Арақ" - деп жауап береді. - Мен оны саған харам етпедім бе? - Ия, харам еткенсің. Осыдан кейін Алла Тағала оны отқа тастауға бұйырады."  Хадисті Хасаннан (р.а.) Имам Абдур-Раззақ риуаят етті.

Ішімдік атадан қалған ас емес. Осындай зияны мен қауыпы бар арам судан бір жолата аулақ болған жөн. Ұрпақтарымызда саналы болып өсуі үшін осы судың пайдасыз екендігін түсіндіруіміз қажет.

 

Мойынқұм имамы Еспенбетов Рысбай.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: