РАНТ МҮШЕСІ МЕРКІ АУДАНЫНДА

РАНТ МҮШЕСІ МЕРКІ АУДАНЫНДА

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы, Меркі ауданы «Жүніс молда» мешітінде РАНТ мүшесі Нұралы Бақытұлы жұма насихатын  айтты.

Қасиетті жұма күні «Жүніс молда» мешітінде «Ислам және отбасы»  тақырыбында жұма уағызын айтқан РАНТ мүшесі: «Пайғамбарымыз (Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Біліп қойыңдар! Сендердің барлығың бақташысыңдар, бәрің де өз отарларыңа жауапкерсіңдер. Әмірші (басшы) – адамдарға бақташы, ол – сол отарына жауапкер, ер кісі – өз отбасына бақташы, сол отарына жауапкер, ал әйел күйеуінің үйіне және баласына бақташы әрі солардан сұралады», – деген. Демек сіз бен біз өз отбасымызға, бала – шағамызға жауаптымыз. Әр қайсымыз дастархан басында отырғанда бала – шағамызға дінімізді үйретіп отыруымыз керек. Егер біз ұрпағымызға Ислам дінін үйретпесек, ондай жағдайда ұрпағымыз сырттан келген неше түрлі теріс ағымдар мен адасқан топтардың жетегінде кетіп қалу қаупі бар.» - деді.

Алла Тағала отбасы, бала – шағамызға амандық беріп, жұма күнгі дұға – тілектеріміз қабыл болсын!

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: