Тұрар Рысқұлов ауданы Қызылшаруа ауылы Жусанбай ата мешітінің имамы Кенжебай Құрақбаевтың бастамасымен «Қолдан қолға» қайырымдылық акциясы қолға алынды.
Ауыл имамы Кенжебай ақсақалдың ұйытқы болуымен, жастардың қолдауымен ауылдағы тұрмысы төмен отбасылардан 10 балаға 25000 теңгеден қайырымдылық көмек таратылды. Сауапқа толы қайырымдылыққа ауыл жастарының қорынан демеушілік жасалды. Қасиетті Жұма күнінің қарсаңында садақа жасап, мол сауапқа кенелуді көздеді.