Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Осындай ізгі амал Қордай ауданы, Қақпатас ауылы «Қақпатас» мешітінде орын алды.
Мешіт имамы Жармахамбет Танекеев және жақсылықты жаны сүйетін азаматтар, ауылдағы тұрмыс-тіршілігі төмен 7 отбасыға азық-түлік және етпен көмек көрсетті. Ауыл имамы алдағы уақытта мұндай жақсы амалдардың әлі де жалғасатынын айтып өтті.