БАЙЗАҚ АУДАНЫ: ШӘКІРТТЕР ДОП ТЕПТІ

БАЙЗАҚ АУДАНЫ: ШӘКІРТТЕР ДОП ТЕПТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облысы Байзақ ауданы Байзақ ауылы «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлының ұйымдастыруымен  «Ислам және  дәстүр құндылықтары» жылы аясында жазғы діни сауат ашу курсында оқып жатқан шәкірттер арасында футбол ойнап, доп тепті.

Шараға I аймақтан «Ан-Нағим», «Ар Рахман» және «Тілеш қажы»  мешітінің шәкірттері қатысты. Әрмен қарай шәкірттер мешітте бас қосып, аймақ жетекшісі, «Тілеш қажы» мешітінің имамы Рахымбек Кенжебайұлының насихатын тыңдады.

Рахымбек Кеңжебайұлы уағызында: «Дін мен дәстүрдің қоғамдағы алатын орны жоғары, ұлттық құндылықтар дұрыс қалыптасу үшін де атқарар маңызы зор. Еліміздегі озық салт-дәстүр мен ислам дінінің сабақтастығының түп тамыры тереңде жатыр. Қазақ халқы тарих ағысында түрлі кезеңдерден өткен. Қилы замандарды бастан кешіріп, сан алуан діндер мен әдет-ғұрыптарға куә болды. Бабаларымыз ақыл-түсінігі мен талғамын Ислам дінімен сүйемелдей білген. Соның арқасында қазақтың әрбір әдеті мен ғұрпы, тікелей дінмен байланысып, өзара ажырамастай өріле түскен», - деді. Шара соңында балаларға балмұздақтар үлестірілді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: