«Отан – отбасынан басталады», – деген қанатты сөз бар. Отбасы – шағын мемлекет. Жанұяда жақсылық көбейсе, қоғамда ізгілік салтанат құрады. Қоғам түзелсе – мемлекеттің мерейі тасып, мәртебесі артады.
Жамбыл облысы Қордай ауданы Аудандық "Қордай" мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен «Отбасым - бақыт мекенім» атты жиын өтті. Іс-шара Құрандағы «Фатиха» сүресімен әжелер алқасы мүшесі Қаныткул Асқарқызы ашып, шәкірттер тақырыпқа сай өз өнерлерін көрсетті. Аудандық "Қордай" мешітінің әжелер алқасы мүшелері мен «Рахман» мешітінің әжелер алқасы мүшелеріне сөз беріліп, отбасы құндылықтары, неке ,бала-нығмет тақырыптары ашықталып, ойындар ойнатылды.