Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы тапсырмасымен бірқатар ауыл мешіттері «Мектепке жол» акциясын қолға алды.
Қайырымдылық акцияда мұқтаж және көпбалалы отбасылардың балаларына оқуға қажетті құрал-жабдықтар мен сөмке сыйға тартылды. Атап айтар болсақ, акция Луговой ауылдық «Әл-Хақ» мешіті, Абай ауылдық «Қалқабай ата» мешіті және Ақыртөбе ауылдық мешіттерінде жүзеге асырылып, мектеп оқушыларына қуаныш сыйланды. Жалпы алғанда, аудан бойынша әзірге 25 оқушыға қайырымдылық жасалып, көмек берілді.



04 Қараша 2025
13 Джумада-авваль 1447

