Т.РЫСҚҰЛОВ: ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ

Т.РЫСҚҰЛОВ: ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮР ДӘРІПТЕЛДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тұрар Рысқұлов ауданы «Сұлтан» орталық мешітінің бас имамы Қуаныш Досымжанұлы Құлан ауылында Жамбыл облысының 85 жылдығы аясында ұйымдастырылған «Мәдениет – асыл қазынам» атты мерекелік іс-шараға қатысты.

Аудан орталығындағы демалыс – сауықтыру саябағында өткізілген шарада ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі, спорттық ойындардан жарыс, салт-дәстүрге арналған көріністер және тақырыптық көрмелер көпшілік назарына ұсынылды.

Ұлттық дәстүрімізге тән қызға құда түсу, бесік салу, азан айтып ат қою, тұсаукесер сияқты дәстүрлер жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Тұрар Рысқұлов ауданынан шыққан әртістер, әншілер, айтыскер ақындар мен танымал тұлғалар келіп қуанышпен бөлісті.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: