Бауыржан Момышұлының кіндік қаны тамған Жуалы ауданында бүгінде батыр атындағы мемориалдық музей жұмыс істейді. 1995 жылы 5 мамырда ашылған мәдени орталықта тұғыры биік тұлғаның тұтынған заттары, сыйға алған кітаптары мен бағалы сыйлықтары қойылған. Бұл дүниелерді музейге Бауыржан атамыздың келіні Зейнеп Ахметова тарту еткен.
Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты «Толымбай тегі Зиябек» мешітінің әйел қыздар секторы жетекшісі Диханбайқызы Клара ұстаз шәкірттерді Бауыржан Момышұлы мұражайына алып барды.