Жамбыл облысы, Жуалы ауданына қарасты аудандық «Толымбай тегі Зиябек» мешітінде асыл аналар, Әжелер мектебі мүшелерімен «Дін мен дәстүр» тақырыбында басқосу шарасы өткізілді.
Салт дәстүрімізді дәріптеу бойынша балалар тәрбиесі, балаға азан шақырып ат қою, кешке ыдыстардың бетін жауып жүру және ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу тармақтары бойынша Медетбайқызы Қамар апамыз және Жанатбекқызы Әсел басқосуда барынша ашықтап түсіндіріп өтті.